«Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйі» КММ

«Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйі» КММ
Погода в Атырау +3 °С

Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылында 07.04.2023ж. ұлдар жиналысы өткізілді

Мақсаты: Ұл балалардың тәртібі, зорлық-зомбылыққа жол бермеу, қоғамда орын алып отырған әлімжеттік, құқық бұзушылықтың алдын-алу.

Жиналысқа полиция аға лейтенанты Бердәулетов Бекет Бақтығалиұлы қатысып бала өмірінің қауіпсіздігі, тәртіп бұзушылық,күш көрсету, әлімжеттілік туралы айтып өтті. Сендерге кімдер әлімжеттілік жасайды, күш көрсететін балалар немесе ересектер барма деген сұрақтар беру арқылы балаларды сөзге тарта отырып әңгімелесті. Ешқашан біреуден қысым көріп жүргеніңді жасырма, көмек сұра деген кеңес берілді. Оқушылар арасында ересек балалардың кіші балаларға күш көрсету арқылы неше түрлі қылмыстар жасалынып отырғанын, кейде арты қайғылы жағдайға ұшырап жатқаны жөнінде түсіндірді. Әлімжеттіктің алдын алу үшін салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, спортпен айналысу керек деген кеңестер берді. Балалар біраз мәлімет алып, ой түйіп,көп түсінік алды. Олар бір ауыздан ондай олқылықтарға жол бермейтіндерін, ұл балалар бір-бірін кемсітпей кіші үлкенді, үлкен кішініөзінің бауырындай сыйлауға уәде беріп тарасты.

14-04-3
14-04-2
14-04-1
«Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйі» КММ
Яндекс.Метрика