Атырау облысының білім басқармасының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тәрбиеші – аналардың 2 бірлік бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды:
Мекеменің аты: Атырау облысының білім басқармасының « отбасы үлгісіндегі балалар ауылы коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Мекен жайы: 060024 Атырау облысы, Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі, Талқайран ауылы,№7 құрылыс нысаны.
Үміткер келесі талаптарға сай келуі керек:
Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы 2000 жылғы13 желтоқсандағы №113-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабының 1-тармағына сәйкес педагогикалық білімі бар,некеде тұрмайтын, өзінің кәмелетке толмаған не асырап алған балалары жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары:
Лауазымдық міндеттері: Баланың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайлар және отбасылық жағдайларға жақындастырылған тұрмыстық жағдайларды жасайды, тәрбиеленушілер күн тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарымен тығыз байланыста болып, балалардың тәрбиелеу мәселелерінде, сынып жетекшілерімен, олардың даму ерекшеліктерін айқындау, диагноз қою және оқытудың, тәрбиелеудің, жұмысқа орналасудың барлық жағдайларын айқындау мәселелерінде консультативтік көмек аалу үшін психологиялық – медициналық – педагогикалық кеңеспен өзара іс – қимыл жасайды.
Балалардың адамгершілік – рухани, интеллектуалдық қабілеттерінің дамуын, дене денсаулығын қамтамасыз етеді. Бес –алты жастағы балалардың мектепалды даярлығын қамтамасыз етеді. Тәрбиеленушілердің уақытылы жалпы орта білім алуына ықпал жасайды. Оқу орнына балалардың баруын, тәрбиеленушілердің күн тәртібін, үй тапсырмасын орындауын, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын, қосымша білім алуын, бос уақытын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Тәрбиеленушілерді өзіне – өзі қызмет етуін, жеке бас тазалығын сақтауды ұйымдастырады. Талдау жасайды, қажеттілікті анықтайды және арнайы әлеуметтік қызмет көсетеді. Санитарлық ережелер мен нормалардың, еңбек қауіпсіздігі мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі, Бала құқықтары туралы конвентация, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан ауырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және қараусыз қалуының алдын алу туралы», Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының Заңдары және басқада білім берудің дамытудың бағыттары мен болашағын анықтайтын басқада нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, арнайы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттарын, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамалардың негіздерін, еңбек қорғау ережелері мен нормаларды, қауіпсіздік және өртке қарсы қауіпсіздік техникасын, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: Конкурсқа жасы 27-ге толған орта білімнее кейінгі жоғары немесе орта (техникалық және кәсіптік) білімі бар, некеде тұрмайтын және өзінің туған немесе асырап алған кәмелетке толмаған балалары жоқ, балалармен жұмыс жасау тәжірибесі кемінде 1 жыл өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматшасы жіберіледі.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 «Білім туралы», 2000 жылғы 13 желтоқсанындағы № 113-ІІ «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 14 тамызындағы № 583 «Отбасылық үлгідегі балалар ауылы мен жасөспірімдер үйлерінің қызметін реттейтін нормативтік – құқықтық келісімдерді бекіту туралы» бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысатын азаматтар келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
1. Конкурсқа қатысуы туралы өтініш(еркін нысанда);
2. Қазқстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
3. 3х4 үлгідегі сурет, кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс-парағы;
4. Нотариалды расталған білімі туралы құжаттың көшірмесі;
5. Нотариалды расталған еңбек кітапшасының көшірмесі;
6. Сатталмағандығы туралы анықтама;
7. Денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық саулығы туралы, есірткіге(уытқұмарлыққа, алькоголге тәуелді еместігі туралы, өкпе туберкулезі жоқтығы туралы анықтама;
8. Мемлекеттік және орыс тілінде жазылған түйіндеме;
9. Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
10. Некеде жоқ екендігі туралы анықтама;
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне жұмыс тәжірибесіне кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты(біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жариланымдар, осының алдындағы жұмыс орнының басшылығынан кепілдеме және т.с.) беруіне болады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар аталмыш хабарландыру жарияланған мерзімнен бастап 30 күнтізбелік күн аралығында Атырау қаласы, Талқайран ауылы
№7 құрылыс нысаны мекен – жайында тапсырылуы тиіс.
Комиссия құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды.
Комиссия күнтізбелік үш күн ішінде конкурс қатысушыларымен Атырау облысының білім басқармасы «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, Атырау қаласы, Талқайран ауылы №7 құрылыс нысаны, яғни балалар аулының қалашығы орналасқан мекен – жайында өткізіледі.
Қосымша анықтама алу үшін: 87122 305211, немесе 87016408359 телефонына хабарласа аласыздар.
Конкурсқа жіберілген үміткерлер Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген тәртібіне сәйкес әңгімелесу өтеді.